Өзбекстанда отбасылық құпияны айтып қойған келінін енесі өлтіріп тастады

Бүгін, 10:34 / Ахмет Қанатұлы
Dalanews.kz коллажы / ЖИ

Өзбекстанда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Сот материалдарына сәйкес, ене келінін пышақтап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиғаға әйелдің келіні отбасындағы мәселелерді өз анасына айтып жүр деп күдіктенуі себеп болған. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал шығып, жағдай ушығып кеткен.

Кикілжің кезінде айыпталушы келініне бірнеше рет пышақ сұққан. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот істің мән-жайын қарап, шабуыл жасаған әйелді кінәлі деп таныды. Үкім бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

өзбекстан келін