Израиль Иранға жауап соққысын жасады: Тегеран мен бірнеше қалада жарылыс болды

Бүгін, 11:33 / Ахмет Қанатұлы
maratr/Getty Images

Израиль Иран аумағындағы әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Израиль қорғаныс армиясының хабарлауынша, елдің әскери-әуе күштері Иранның батыс және орталық бөлігіндегі нысандарды атқылаған, деп жазады Arasha.kz.

ЦАХАЛ мәліметінше, соққылар Иран тарапынан жасалған зымыран шабуылынан кейін ұйымдастырылған.

"Біраз уақыт бұрын Израиль әскери-әуе күштері Иранның батыс және орталық бөлігіндегі әскери нысандарға соққы жасады", – делінген Израиль әскери ведомствосының хабарламасында.

Иран ақпарат құралдары Тегеран, Исфахан және Тебриз қалаларында жарылыстар болғанын жазды. Ал халықаралық ақпарат агенттіктері бұл жағдайды аймақтағы шиеленістің күшеюі ретінде бағалап отыр.

Бұған дейін Иран Израильге бірнеше зымыран ұшырған. Израиль тарапында шабуылдан кейін бірқатар ауданда дабыл қағылғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта тараптардың мәлімдемелері мен оқиғаның нақты салдарына қатысты ақпараттар толық нақтыланып жатыр.

Тэгтер:

Иран Израиль