Allur компаниясының MG бренді «Таза пайда: икемді төлем» жаңа қаржылық бағдарламасын іске қосты

6 маусым, 2026 / Arasha.kz

Қазақстандық Allur автокөлік компаниясының жетекшілігіндегі MG бренді «Таза пайда: икемді төлем» атты жаңа қаржылық бағдарламасын таныстырды. Бұл бағдарлама брендтің танымал модельдеріне ыңғайлы ай сайынғы төлеммен және 7 жылға дейінгі мерзіммен тиімді несиелеу шарттарын ұсынады.

Енді заманауи седан немесе технологиялық кроссовер MG автокөлігін бастапқы жарна 10%-дан және ай сайынғы төлем 86 242 теңгеден бастап сатып алуға болады.

Сатып алушылар үшін бірден бірнеше қаржыландыру бағдарламасы қолжетімді.

«LUXE» жинақтамаларына арналған субсидияланған бағдарлама бойынша ЖТСМ 4,09%-дан басталатын төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Бағдарламаға келесі модельдер қатысады:

· MG ZS «Luxe» жинақтамасы — айына 90 237 ₸ бастап;

· MG HS «Luxe» жинақтамасы — айына 104 500 ₸ бастап;

· MG RX9 «Luxe» жинақтамасы — айына 156 798 ₸ бастап.

Күнделікті пайдалануға тиімді шешім іздейтіндер үшін «COMFORT» жинақтамаларына арналған стандартты несие бағдарламасы қолжетімді. Несие мерзімі — 84 айға дейін, бастапқы жарна — 10%-дан бастап:

· MG 5 «Comfort» жинақтамасы — айына 86 242 ₸ бастап;

· MG ZS «Comfort» жинақтамасы — айына 92 411 ₸ бастап.

Сондай-ақ, клиенттер үшін жеке есептеу мүмкіндігі қарастырылған — MG мамандары бастапқы жарнаның мөлшерін және ай сайынғы төлемді ескере отырып, ең оңтайлы несиелеу шарттарын таңдауға көмектеседі.

MG модельдерінің әрқайсысы, жинақтамасына қарамастан, жайлы әрі қауіпсіз жүргізуге қажетті барлық заманауи мүмкіндіктермен жабдықталған: қауіпсіздік жүйелері, ыңғайлы мультимедиа жүйесі және ойластырылған интерьер.

Барлық автокөліктер тест-драйвқа қолжетімді. Модельдік қатарға 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.

Толығырақ ақпарат алу үшінmg.com.kz сайтында өтінім қалдырыңыз немесе 3388 нөміріне хабарласыңыз.