«Бөлек кеттік»: Роза Әлқожа келінінен іргесін аулақ салғанын айтты

Бүгін, 15:22 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол үй алып, балаларынан бөлек шыққан. 

"Былтыр ипотекаға үй алғанбыз. Дым асықпай жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Кіргелі де көп нәрсеміз түгел емес. Қазір кәкір-шүкір маңызды болмай қалған.
Туыстар көргенде “қашан барамыз?” деп жатады. Үй болған соң құтты болсын айтқан абзал. Кішігірім болса да көңіліміз кең. “Шашу шашып келеміз” деген соң мархабат дедік.
Үлкен үйді немеремізге қалдырып, өзіміз бөлек кеттік. Бұрыннан бауырға басып алуға қарсымын. Бірге тұрсаң білінбейді. Өзім солай өскен соң белгілі. Себебі өте көп. 
“Келінді тәрбиелеу керек” дегенге келсек, ешкім тәрбиесіз келмейді. Көргені бар, тегінде бар нәрсені жасайды. Келінге де мейірім керек. Ол махаббат үшін білмейтін әулетке келген батыр жан. Ол да жеке, өзімен өзі өмір кешуге құқылы. 
Ал, кімнің болса да Алла санасына берсін! Әр балаға уақытында сепарация жасау қажет. Біздегі көп проблема меншіктеуден болады. 
“Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар”.  
Әдемі сәттеріміз көп болсын!", - деп жазды ол.

Тэгтер:

әнші отбасы келін Роза Әлқожа