10 маусым күні Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. OpenWeather порталының болжамына сәйкес, Астана мен Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, Алматыда бүгін күн бұлттанып, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтерілсе, түнде 19 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 4,3 метрге жетеді.
Астанада да жауын-шашын күтіледі. Елордада күндіз термометр бағанасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с.
Ал Шымкентте бүгін күн ашық болады. Қалада күндіз 32 градусқа дейін ыстық, түнде 20 градус шамасында болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 6,4 метрге жетеді.