Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тіл

10 маусым, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақ тілі ChatGPT платформасында ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі ретінде аталды. Бұл туралы OpenAI компаниясының қаржы директоры Сара Фрайар ALL-IN подкастына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ChatGPT жүйесінде қолданылу қарқыны жоғары тілдердің қатарында әзербайжан және қазақ тілдері бар.

"Ең жылдам дамып жатқан тілдер – әзербайжан мен қазақ тілі", – деді Сара Фрайар.

OpenAI өкілі қазақ тілінің платформада белсенді қолданылып, қарқынды өсім көрсетіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Сара Фрайар ChatGPT-ді қолдану көрсеткіші әлемнің бірқатар аймағында артып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, әсіресе Африка елдерінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану жылдам өсіп жатыр.

Фрайардың мәліметінше, қазір ChatGPT-ді апта сайын 900 миллионнан астам адам қолданады.

Айта кетейік, Сара Фрайар – технология саласындағы тәжірибелі топ-менеджерлердің бірі. Ол қазіргі уақытта жасанды интеллект бағытындағы жетекші компания OpenAI-дың қаржы директоры қызметін атқарады.

Тэгтер:

қазақ тілі ChatGPT