Интим видеосы тарап кеткен ақтаулық асабаға қатысты жағымсыз хабар шықты

10 маусым, 2026 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Ақтауда "Хан" лақап атымен танымал асаба Қасым Өтешев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

БАҚ мәліметінше, мұндай шешім оның жұбайына қатысты шығарылған қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзуына байланысты қабылданған.

Ақпаратқа қарағанда, мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайы Алмаға жақындауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген. Алайда бірнеше күннен кейін асабаның әйелінің үйіне барғаны айтылып отыр.

Сол жерде ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Оқиғаға куә болған адамның сөзінше, әңгіме көп ұзамай дау-дамайға ұласып, тараптар бір-біріне ауыр сөздер айтқан.

Осылайша бұған дейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған отбасылық жағдай құқықтық мәселеге ұласты. Қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін Қасым Өтешев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Мәліметке сүйенсек, асаба жақын күндері бостандыққа шығуы тиіс.

Тэгтер:

асаба