Иранның бұрынғы рухани көшбасшысы Хаменейді қашан жерлейді?

Бүгін, 09:35 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Иранның рухани көшбасшысы, аятолла Сейед Әли Хосейни Хаменеймен қоштасу және жерлеу рәсіміне қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп Arasha.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ислам революциясының қаза тапқан жетекшісін еске алу комитетінің мәліметінше, қаралы шаралар қасиетті Мұхаррам айының алғашқы он күні аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.

Алдын ала болжам бойынша, қоштасу, жаназа және жерлеу рәсімдері 26-28 маусым аралығында өтуі мүмкін.

Қазір қаралы іс-шараларға дайындық жүріп жатыр. Рәсімдердің нақты кестесі мен ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдармен келісіліп жатыр.

Комитет өкілдері жерлеу шаралары тиісті деңгейде өтуі үшін барлық дайындық жұмыстары пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Тэгтер:

Иран Әли Хаменей