Атырауда қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевтің сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz ult.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі сот отырысында Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі туралы айтылды. Әлеуметтің желіде сот отырысынан ақпараттар тарады.
«Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазбаны көріп отыр. Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Бейнекадрлардан бұл анық көрінеді. Судья видеоны түсіруге рұқсат бермеді», - деп жазылған.
Айта кетейік, Сұлтан Сәрсемәлиев — 2026 жылы Атырау облысында үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сотқа тартылған азамат. Ол бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді, сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық жасады деген айыптармен сот алдында жауап беріп жатыр. Мамыр-маусым айларында өткен сот отырыстарында айыпталушының ата-анасы куәлік берді. Әкесінің жауап беруі кезінде Сұлтан Сәрсемәлиев көз жасына ерік бергені туралы ақпарат тарады.