Жоғары білім алу үшін Италияға кеткен қазақстандық жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп Arasha.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Qumash Telegram-арнасының мәліметінше, италиялық БАҚ-та 21 жастағы қазақстандықтың қазасы туралы ақпарат тараған. Оның денесі 9 маусым күні Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастар арасынан табылған. Өлімнің ықтимал себептерінің бірі ретінде суға бату нұсқасы айтылып отыр.
Қаза тапқан жігіт Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі болған және Кассино қаласындағы Unicas университетінің үшінші курсында оқыған. Бұл туралы оның досы айтқан. Туыстары болған жағдайды жазатайым оқиға болуы мүмкін деп болжайды.