Шымкентте хиджабтағы қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді

Бүгін, 08:54 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.

Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.

Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тэгтер:

шымкент қыз есірткі ұсталды