Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың тойда беташар өткізіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбада халық қалаулысының келіннің бетін ашып, дәстүрлі беташар рәсімін жүргізіп жатқанын көруге болады. Видео көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды.
Кейбір желі пайдаланушылары Ринат Зайытовтың ұлттық дәстүрлерді дәріптеп жүргенін атап өтсе, енді бірі депутаттың қоғамдық қызметтен тыс уақытта той жүргізуіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, Ринат Зайытов 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты қызметін атқарып келеді. Әзірге депутаттың өзі тараған видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.