Демалыс күндері ауа райы құбылады: Кей өңірде аптап ыстық, нөсер мен найзағай күтіледі

Бүгін, 09:21 / Ахмет Қанатұлы
pixabay.com

13-14 маусым күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 13 және 15 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында да нөсер күтіледі.

Болжамды кезеңде республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал. Жалпы ел аумағында желдің күшеюі күтіледі.

Сонымен қатар күндізгі уақытта бірқатар өңірде қатты ыстық сақталады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аптап ыстық бүкіл кезең бойы байқалады.

14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, ал 15 маусымда Атырау облысында ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы