Депутат «AMANAT» партиясы туралы сөз қозғады

13 маусым, 2026 / Альфия Адамбек
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Amanat партиясының «Әділет» партиясымен бірігуіне қатысты пікір білдіріп, бұл шешімді уақытылы әрі маңызды қадам деп бағалады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан 1 шілдеден бастап жаңа саяси кезеңге аяқ басады. Осыған байланысты елге жаңа саяси күштер, тың идеялар мен жаңа идеалдар қажет.

«Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Өйткені 1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа саяси дәуірге енеді. Сондықтан бізге жаңа саяси күш, идея, идеал керек. «AMANAT» партиясы 3 жылдың ішінде дұрыс жұмыс істеді. Халықтың көңілінен шықты. Бірақ дегенмен де «AMANAT» партиясының артында Назарбаевтың құлағы көрініп тұр. Сондықтан жаңа дәуірге бүкіл партиялар жаңарып енуі қажет. Сондықтан бұл шешім уақытылы және маңызды шешім деп ойлаймын. 1 шілдеден бастап мәжіліс таратылады. Сондықтан әрбір депутат «Әділет» партиясының аясында жұмыс істейді деп ойлаймын. Ары қарай осы біріккен партияның өздерінің саяси басшылығы бар, менеджменті бар. Солармен бірігіп шешім қабылдайтын болады», — деді депутат Саиров.

Депутаттың пікірінше, алдағы саяси өзгерістер партиялардың жұмысына да ықпал етіп, жаңа кезеңге бейімделу үдерісін жеделдетуі мүмкін.

Тэгтер:

назарбаев депутат әділет Аманат