«3 жыл комада жатқан»: Корольдік отбасының үлкен қызы опат болды

13 маусым, 2026 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Таиландта корольдік отбасының үлкен қызы, ханшайым Баджракитиябханың қайтыс болуына байланысты елде 15 күндік ресми аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы үкімет шешімі жарияланып, барлық мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Ханшайым Баджракитиябха 47 жаста болған. Ол соңғы үш жыл бойы комада жатқан еді. Оның жағдайы 2022 жылы денсаулығына байланысты ауырлап, содан бері дәрігерлер бақылауында болған.

Аза тұту кезеңінде Таиландта ресми іс-шаралар мен қоғамдық шаралардың сипаты өзгертіліп, мемлекеттік мекемелерде қаралы атмосфера сақталады. Сонымен қатар, кейбір мәдени және ойын-сауық шаралары уақытша шектелуі мүмкін.

Корольдік отбасы мүшесінің қазасы Таиланд қоғамы үшін үлкен қайғы ретінде қабылданды. Елдің түрлі аймақтарында тұрғындар мен ресми тұлғалар көңіл айтып, марқұмды еске алу шараларын өткізіп жатыр.

Билік өкілдерінің айтуынша, аза тұту шаралары елдегі дәстүр мен протоколға сәйкес ұйымдастырылып, қоғамда құрмет пен сабыр сақтауға шақырады.

Тэгтер:

қаза аза тұту марқұм Кароль