"Әділет" "Аманатқа" ұқсамай ма: Партия басшысы пікір білдірді

Бүгін, 13:06 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда

Астанада "Әділет" партиясының екінші съезі өтіп жатыр. Іс-шара басталар алдында журналистер партия төрағасы Айбек Дәдебаевтан жаңа саяси күштің "Аманат" партиясынан қандай айырмашылығы болатынын сұрады, деп Arasha.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәдебаев бұрынғы билік партиясын сынаудан бас тартты.

"Аманат" партиясы өз жұмысы барысында халықтың қажеттілігін мемлекетке жеткізу міндетін атқарды. Партияның қалай жұмыс істегенін және қандай іс-әрекет жасағанын өздеріңіз көрген боларсыздар. Amanat дұрыс жұмыс істеді немесе дұрыс жұмыс істемеді деп айту, сондай-ақ біздің ерекшелігіміз дәл осындай деп мәлімдеу артық болар еді", – деді ол.

Тэгтер:

Айбек Дәдебай