АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бүгін, 16:41 / Ахмет Қанатұлы
threads.com/@bostonglobe2

АҚШ-та Қазақстан азаматы жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Туыстары 24 жастағы Әсет Құралбайды көрген немесе ол туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Threads әлеуметтік желісінде @bostonglobe2 никімен тіркелген қолданушының жазуынша, Әсет Құралбай Чикаго маңындағы Ford Heights, Illinois ауданында тұрған. Ол соңғы рет 2026 жылдың 2 маусымында байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі немесе қолжетімсіз күйде.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, ер адамның үйінде балалары мен банк карталары қалған.

10 маусымда полиция оның Toyota Camry маркалы көлігін тапқан. Көліктің мемлекеттік нөмірі – DP 86722. Алайда Әсеттің қайда екені әлі белгісіз.

Туыстары оны көрген немесе жоғалуына қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдардан хабарласуды сұрап отыр.

Тэгтер:

АҚШ