Меруерт Өтекешоваға қатысты қуанышты хабар тарады

Бүгін, 18:41 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында өткен республикалық "Арқа аруы" байқауында Қазақстанның Халық әртісі, "Қыз Жібек" фильмі арқылы халықтың жүрегінен орын алған Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетілді, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шара барысында жергілікті жұртшылық қазақ киносы мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан актрисаға ілтипат білдіріп, ат мінгізді. Бұл құрмет елдің өнер иесіне деген шынайы ризашылығы мен ықыласының белгісі болды.

"Арқа аруы" байқауы Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылған. Іс-шараны депутат Аманжол Әлтай өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнап өткізген.

Мерекелік жиынға Жаңаарқадан шыққан танымал азаматтар, өнер өкілдері мен арнайы қонақтар қатысты. Олардың арасында Қанат пен Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан және басқа да белгілі тұлғалар болды.

Кештің құрметті қонағы болған Меруерт Өтекешованы жұртшылық жылы қарсы алып, зор қошемет көрсетті. Қазақ көрермені үшін актрисаның есімі "Қыз Жібек" бейнесімен тығыз байланысты. Сондықтан Жаңаарқа халқының өнер иесіне ат мінгізуі ұлттық мәдениетке, қазақ киносына және аға буын өнерпаздарға жасалған құрмет ретінде бағаланды.

Тэгтер:

Меруерт Өтекешова