Блогер Тауасар ислам дінін қабылдап, сүндеттелді

Бүгін, 11:49 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Желіде блогер Жан Айтмаханов африкалық азамат Тауасардың ислам дінін қабылдап, сүндеттеу рәсімінен өткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеожазбада оның клиникада сүндетке отырғызылған сәті көрсетілген. Рәсімнен кейін оған батылдығы үшін мақтау қағазы, алтын медаль және ойыншық садақ табысталған. Тауасар өзін «ресми түрде мұсылман» болғанын айтып, оқырмандарынан құттықтау қабылдаған.

Тауасар бұған дейін отандық «Джунглилау» және «Көке» фильмдерінде бой көрсеткені айтылады.

Ал оның танысы, блогер Қайсар Қамза биыл сәуір айында Вьетнамда ұсталған. Ол заңсыз онлайн-казино жарнамалауға және 100 млн теңгеден астам табыс табуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Тэгтер:

ислам блогер Вьетнам Тауасар