"Сүйінші, немерелі болдым": Сәкен Майғазиев қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)

Бүгін, 15:38 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz коллажы

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі алғаш рет немерелі болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Ассалаумағалейкүм, асылдарым! Сүйінші! Немерелі болдым! Аллаға мың шүкір! Қазақ елі, сіздерге де немере-шөбере жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр!" – деді әнші.

Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевті қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Тэгтер:

сәкен майғазиев