"Екі рет үйленіп, екі рет ажырастым": Әнші Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты

Бүгін, 17:41 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Медеу Арынбаев отбасылық өміріне қатысты көпшілікке беймәлім жайттарды айтты, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасына қатысып, жеке өмірі туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Әншінің айтуынша, көпшілік одан әлі күнге дейін "қашан үйленесіз?" деп жиі сұрайды.

Медеу Арынбаев мұндай сауалдарға кейде әзілмен жауап беретінін жеткізді.

"Кейде әуежайда, кафеде немесе көшеде апаларымыз кездесіп, "қашан үйленесің?" деп сұрайды. Сондайда “мен үйлендім ғой, екі рет үйленіп, екі рет ажырастым” деп қалжыңдаймын. Олар “солай ма?” деп таңғалып жатады", – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі бұл мәселеге қатысты шынайы ойын да айтты. Оның сөзінше, үйленуге екі рет қадам жасалғанымен, екеуі де нәтижесіз аяқталған.

Тэгтер:

Медеу Арынбаев