Аттракцион аяғын басып қалған 18 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды

Бүгін, 08:46 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Қызылордада аяғын аттракцион басып қалған 18 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық аурухананың мәліметінше, 2007 жылы туған, 18 жастағы науқас жедел жәрдем бригадасымен аса ауыр жағдайда жеткізілген.

Жүргізілген хирургиялық араласу нәтижесінде: сол аяғы санның жоғарғы үштен бір бөлігінің деңгейінде ампутацияланды, оң аяғы тобық буыны деңгейінде ампутацияланған.

Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Тэгтер:

қылмыс Қызылорда жігіт аяқ