"5 баламның бағы шығар": Мөлдір Мұқанова қуанышты хабарын айтты

Бүгін, 10:30 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал блогер, көпбалалы ана Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол жаңа көлік алғанын айтып, бұл сәтті бес баласының бағы мен несібесіне балады, деп Arasha.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогердің айтуынша, балалары бүгінде оның өміріндегі ең үлкен тірегі мен қолдаушысына айналған. Мөлдір Мұқанова жаңа көлікті отбасы үшін үлкен қуаныш деп қабылдағанын жазды.

"Бір кездері өзіме модель де, актер де, актриса да, стилист те, көмекші де, ақылшы да болатын балаларды дүниеге әкелгеніме әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен", – деп жазды ол.

Көпбалалы ана енді балаларын жаңа көлігіне отырғызып, бірге жақсы жерлерге баруды жоспарлап отырғанын айтты.

"Енді бесеуін салып алып, улап-шулап жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр ма? Біз үшін қуанып, құттықтап жатқан әрбір жанға мың алғыс. Әр оқырманымды шын жақсы көремін. Баршаңызға жақсылық жұғысты болсын!" – деді блогер.

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованы жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық, береке және қуаныш тіледі.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова