Қостанай облысында немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың денесі іздестіріліп жатыр.
Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының маңындағы Тобыл өзені жағалауына бір отбасы демалуға табиғатқа шыққан.
Сол кезде ойнап жүрген 6 жасар бала сүрініп суға құлаған. Одан әрі оны ағыс алып кеткен.
Мұны көрген атасы немересін құтқару үшін суға секірген. Алайда өзеннің қатты ағысы екеуін де ағыс бойымен алып кеткен.
Іздестіру-құтқаруға мамандар, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрон тартылған.
70 мың шаршы метр аумақ тексерілді.Үш сүңгуір тобы жұмыс істеп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.