Зеленский Путинмен жыл соңына дейін келіссөз өткізгісі келеді

Бүгін, 09:30 / Ахмет Қанатұлы
t.me/V_Zelenskiy_official. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Францияда өткен G7 саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен қыс басталғанға дейін келіссөз өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленскийдің айтуынша, мұндай кездесуді созып жіберуге болмайды. Ол өткен қыс Украина үшін өте ауыр болғанын айтып, алдағы қыс та оңай болмайтынын ескертті. Украина басшысы келіссөздер жаңа гуманитарлық және энергетикалық дағдарыстың алдын алу үшін қажет екенін айтты.

"Бұл біз үшін қорқынышты қыс болды. Әрине, біз дәл сондай қысты қайта бастан өткергіміз келмейді. Ресей де біздің қандай ауыр қысты өткергенімізді білуі керек. Биыл олардың өзіне де қыс оңай болмайды", – деді Зеленский.

Украина президентінің сөзінше, кездесу Швейцарияда, Түркияда, АҚШ-та немесе Таяу Шығыс елдерінің бірінде өтуі мүмкін.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийді Мәскеуде қабылдауға дайын екенін айтқан. Алайда ол үшін Украина тарапының "байыпты әңгімеге" дайын болуы қажет екенін жеткізген.

Тэгтер:

ресей украина Владимир Путин Владимир Зеленский