"Сүйінші, ағайын": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты хабарын айтты

Бүгін, 14:41 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызының Дубайдағы британ университетін сәтті аяқтағанын хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Айгүл Түлкібайқызының айтуынша, Әдемі архитектор мамандығы бойынша бес жыл білім алып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған. Ол Әдемінің шетелде жүріп, оқуына үлкен жауапкершілікпен қарағанын жазды.

"Сүйінші! Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай қаласындағы британ университетінде архитектор мамандығы бойынша бес жыл оқып, бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы қызымыз халықаралық деңгейдегі мықты маман болып жатыр", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айгүл Түлкібайқызы шетелде білім алу оңай емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, басқа елдің оқу жүйесіне бейімделу, емтихандар мен сессияларды тапсыру үлкен еңбек пен табандылықты талап етеді.

Ол Әдемінің диплом жазу кезінде бар назарын білімге арнап, талай ұйқысыз түн өткізгенін жеткізді.

"Мамасын қолдай жүріп, сабағын да қатар алып жүрген пысық қыз. Алла жар болсын", – деп жазды Айгүл Түлкібайқызы.

Тэгтер:

тұрсынбек қабатов