Журналист Руслан Өтепбайға қатысты қуанышты хабар тарады (ВИДЕО)

Бүгін, 16:41 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Танымал журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ел ішінде өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың мұңын жеткізіп жүрген қаламгерге қазақы дәстүрмен ат мінгізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, бұл құрмет – Ақсуат халқының журналистке деген ықыласы мен ризашылығының белгісі.

"Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі", – деп жазды Дулат Тастекей.

Желі қолданушылары да Руслан Өтепбайға көрсетілген құрметті жылы қабылдады. Олар журналистке шығармашылық табыс, абырой және халық алдындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Тэгтер:

Руслан Өтепбай