Оқиға Алматы облысы Боралдай ауылы Sushi Time деп аталатын қарапайым фаст-фуд мейрамханасында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тұтынушылар өзін жайсыз сезінетінін айтып, ауруханаға жүгінген. Олар мейрамханадан пицца, суши және басқа да тағамдарды жегенін айтқан. Тұтынушылардың көпшілігі роллы мен пицца комбосына тапсырыс берген екен. Сосын жүрегі айнып, іші ауырып, құса бастаған.
Қазір өңірдегі үш ауруханада 36 науқас емделді. Жағдайы тұрақты. 29 адам амбулаториялық емге жіберілді. Мекеменің өзі уақытша жабылды. Иесі фаст-фуд индустриясында 6 жыл жұмыс істеп келе жатыр екен. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр дейді.
Санитарлық дәрігерлер кафені тексерген. Олар зертханалық тексеру үшін шикізат пен өнімдердің сынамаларын алғған. Қорытындысы енді шығады.