Сәкен Майғазиев немересінің есімін кім деп қоймақ?

Бүгін, 17:39 / Альфия Адамбек
Коллаж: ult.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев алғаш рет немерелі болған қуанышымен бөлісіп, көпшіліктен нәрестеге лайық есім таңдауға көмектесуді өтінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші алдымен келіні Әдия мен дүниеге келген сәбидің аман-есен екенін айтып, ақжарма тілектер жолдаған жұртқа алғыс білдірді.

«Алла ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкіршілік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рақмет! Бізге не тілесеңіздер, Алла тағала өздеріңізге еселеп берсін», – деп жазды өнер иесі.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, ол сәбиге есімді анасының қоюын қалаған. Алайда анасы бұл таңдауды жастардың өзіне қалдырған.

«Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. "Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?" десем, "Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын" деді», – дейді әнші.

Осыдан кейін өнер иесі отбасы алдын ала таңдаған бірнеше есімді жариялап, оқырмандарынан өз ұсыныстарын жазуды сұрады.

Тэгтер:

келін есім немере Майғазиев