Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы қуанышты жаңалығын елге айтты

Бүгін, 14:31 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы Ермахан Аймахан тыңдармандарына жаңа шығармашылық жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Instagram парақшасында жаңа әнінің жарыққа шыққанын хабарлаған. Ермаханның айтуынша, туындыны қазір барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.

Жас өнерпаздың бұл жаңалығын әлеуметтік желі қолданушылары жылы қабылдады. Әсіресе Димаштың жанкүйерлері Ермаханға қолдау білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Пікір жазғандар оның өнер жолына сәттілік тілеп, Раушан екеуінің жарасымды жұп екенін атап өткен. Сондай-ақ желі қолданушылары жас отбасына бақыт пен береке тілеп жатыр.

"Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өте әдемі жұп! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз" деген пікірлер көптеп жазылған.

Осылайша, Ермахан Аймаханның жаңа әні тыңдарман назарын аударып, желіде жылы пікірге ие болды.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген Раушан Құдайберген