Педагог мектеп оқушысын зорлаған

Бүгін, 17:51 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жасөспірім қызды зорлаған педагог 15 жылға сотталды. Оқиға Ақтөбеде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот мәліметінше, ер адам қыз баланы пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін ер адам оны жібермей, қолынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Прокурор сотталушыға 16 жылға соттау жазасын сұрады. Қылмыс жәбірленушінің жауаптары мен сараптама қорытындысымен дәлелденді. 

Ол 15 жылға сотталды. Оған қоса педагог болуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. 

Тэгтер:

қылмыс зорлық жаза педагог