41 градусқа дейін ыстық болады: Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін, 09:32 / Ахмет Қанатұлы
Marccophoto/Getty Images

20 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +40…+41 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар бірқатар облыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Күндіз +35…+36 градус ыстық болады. Облыстың бірқатар бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз облыс бойынша +35…+36 градус ыстық болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз +35…+38 градусқа дейін аптап ыстық болжанады. Көкшетауда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Атырау облысының бірнеше ауданында жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Күндіз облыс бойынша +35…+38 градус ыстық сақталады. Ал облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +40…+41 градусқа дейін көтеріледі. Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында күндіз +35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында және солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында +35 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Күндіз облыс бойынша +35…+36 градус қатты ыстық күтіледі. Өскеменде де +35 градусқа дейін ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз +35…+38 градус ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде күндіз +38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Алматыда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының бірқатар ауданында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде сақтық шараларын сақтап, далада от жағудан және өрт қаупін арттыратын әрекеттерден аулақ болуға кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 20 маусым