Мақпал Жүнісова Тұрсынбек Қабатовқа қалжың айтып, жұртты күлдірді

Бүгін, 12:33 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова тойлардың бірінде әзіл айтып, көпшіліктің көңілін көтерді. Өнер иесі кеште асаба болып жүрген Тұрсынбек Қабатовқа қалжыңдап сөз арнаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші сахнада Тұрсынбек Қабатовқа жылы лебізін білдіре отырып, әзіл аралас тілек айтты.

"Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен жүрсең де, қайда жүрсең де. Бірінші, екінші, үшінші, төртіншімен жүрсең де бақытты бол", – деді Мақпал Жүнісова.

Желіде тараған видеодан Тұрсынбек Қабатовтың әншінің бұл сөзіне қысылып, ыңғайсызданып қалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, аталған тойда Тұрсынбек Қабатов асаба ретінде кеш тізгінін ұстаған.

Тэгтер:

мақпал жүнісова тұрсынбек қабатов