Үш адамның өмірін жалмаған апат: Александр Пак 10 жылға сотталды

Бүгін, 18:15 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-фараби даңғылының бойында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айыпталушы Александр Пак 10 жылға сотталды.

Марқұм Томиристің әкесіне 10 млн теңге өтемақы төленетін болды. Сондай-ақ, Пак өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 21 наурызға қараған түні сағат 03:30-да болған. Zeekr 9X автокөлігін басқарған жүргізуші әл-Фараби даңғылы бойымен жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Mercedes маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат кезінде Zeekr автокөлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырымға дейін жеткен.

Қатты соққы салдарынан Mercedes автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен көлікте отырған 21 және 23 жастағы екі бойжеткен оқиға орнында қаза тапты.

Тэгтер:

алматы қылмыс апат Александр Пак