Қостанайда қазақ батырының ескерткішін құлатты (видео)

1216

Қостанай облысы, Қарабалық ауданының орталығы Қарабалық кентінде қазақ хандығының 550 жылдыға орай қойылған қазақ батырының алып ескерткішін трактормен тартып, құлатты. Мұндай хабарды facebook қолданушысы Бекзат Құсайын парақшасында жазып, ескерткіштің құлатылған сәт көрсетілген видеоны да бөліскен екен.

Ломать – не строить. Сегодня В Костанайской области п. Карабалык разрушили памятник батыра посвящённый «550 летию казахского Ханства». Очень печальное зрелище, видео скинули рассылкой по What’s App. Говорят что на его место поставят другого батыра, из более надежного материала. (Так же обещали что его сохранят, и перевезут в другой сельский округ района) Но возникает вопрос кому мешал этот батыр?! В начале этого проекта, чтобы установили этот мемориал бегал и искал помощь от властей и финансирования мой дедушка Утешов Асылбек Гаппазович, которого сейчас нету с нами . И это очень обидное зрелище, аж сердце болит. У меня больше нету слов.P.S: Далее статья из сайта акимата Карабалыкского района.В 2015 году установлен памятник в честь 550-летия Казахского ханства и славных сынов степей, отстоявших независимость Отечества. В Карабалыке до сей поры, не было памятников, в такой степени отражающих национальный колорит: готовый сорваться в галоп конь и уверенно смотрящий в просторы степи батыр. Благодаря большому постаменту и внушительным формам самих фигур, все смотрится достойно и хорошо заметно тем, кто проезжает мимо Карабалыка. Архитектурная композиция строилась на привлеченные средства. Создавал ее скульптор Ертуган Шаймагамбетов.Автор @oralbekov_17➡ Делайте репосты, делитесь с друзьями!#нашагазетакостанай#нашагазетакарабалык#карабалыкDerekköz:Статья взят из аккаунта Instagram регионального новостного портала "Наша Газета" Костанай.Міндетті түрде қирату керек пе еді? Бұл ескерткішті басқа орынға ауыстыруға, не болашақ ескерткішті басқа орынға орнатуға болмас па еді? Халықтың ақшасына ескерткіш орнатып оны кейін бұза салу ақылға симайды.

Опубликовано Bekzat M. Kusayın Вторник, 4 сентября 2018 г.

Жазба авторының жазуынша, батыр ескерткішін орнатуға атасы Асылбек Өтешев ойға-қырға шапқылап, қаражат іздеп, жергілікті биліктен де көмек сұрап жүріп орнатқызған екен. Ескерткіш авторы – мүсінші Ертуған Шаймағамбетов.

Жазбада құлатылған ескерткіштің орнына басқа, мықты металдан жасалған ескерткіш қойылады-мыс делінген. Алайда, батыр ескерткішінің не себепті құлатылғаны айтылмайды. Ескерткішті құлатуға байланысты Қарабалық ауданы әкімшілігінің ресми ве-сайтында да ешқандай ақпарат жоқ. Ал батыр ескерткішін құлатып жатқан видеоны көрген желі қолданушылар әртүрлі пікір білдіріп жатыр.