Белгілі өнерпаз, экс-депутат Бекболат Тілеуханның дастархан басында айтқан сөзі әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Видеода Бекболат Тілеухан туыстық қарым-қатынас, отбасы ішіндегі сыйластық пен ауызбіршілік туралы ой қозғаған.
Оның айтуынша, ағайын арасындағы байланысты нығайтуда әйелдердің орны ерекше.
"Туыстық қарым-қатынасты жөндейтін – әйелдер. Үйде қабағын түйіп алып, сызданып отырса, күйеуінің де күйі болмайды", – деді Бекболат Тілеухан.