Ербаян Мұхтардың ауруханада жүрегі тоқтап қалды

23 маусым, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Ulysmedia.kz коллажы

Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Бұл туралы оның анасы Гүлсім Қамиева хабарлады.

Ербаян соңғы уақытқа дейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығында ем қабылдап жатқан. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Еске салсақ, Ербаян Мұхтар әскери борышын өтеп жүрген кезінде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы емделген еді. Оның жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік әскери бөлімде болған оқиғаның мән-жайын ашық әрі жан-жақты тергеуді талап еткен.

Марқұмның тағдыры қазақстандықтарды бейжай қалдырмай, әскердегі қауіпсіздік пен сарбаздардың құқығын қорғау мәселесін қайта көтерген болатын.

Тэгтер:

Ербаян Мұхтар