24 маусымда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Үш мегаполисте де жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
OpenWeather порталының болжамынша, Алматыда бүгін қатты жауын-шашын болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8 м/с шамасында болады.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с болады деп болжанып отыр.
Шымкентте де өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,9 м/с деңгейінде болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райына қарай киініп, қолшатыр алып жүруге кеңес береді.