Швеция мен Жапония құрамалары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта тең түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
F тобының үшінші турындағы кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында, "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің екінші таймында Жапония құрамасы есеп ашты. 56-минутта Дайдзен Маэда Рицу Доанның пасын сәтті пайдаланып, қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Алайда араға бірнеше минут салып шведтер таразы басын теңестірді. 62-минутта Энтони Эланга Виктор Дьекерештің нәтижелі пасынан кейін гол соқты.
Осы нәтижеден кейін Жапония құрамасы бес ұпай жинап, топта екінші орын алды. Енді жапондар 1/16 финалда Бразилия құрамасымен кездеседі.
Ал Швеция төрт ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Скандинавия құрамасының келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.