Тоқаев бірден маңызды төрт заңға қол қойды

Бүгін, 11:39 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар салаға қатысты заңнамалық өзгерістерді көздейтін төрт заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 24 маусымда бірнеше маңызды құжатты бекіткенін мәлімдеді.

Атап айтқанда, президент ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңға қол қойды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев машина жасауды дамыту және көлік саласына қатысты түзетулер енгізетін заңды бекітті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған заңға қол қойды.

Сондай-ақ цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң да президенттің қол қоюымен күшіне енбек.

Ақорда қол қойылған заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатынын хабарлады.

Тэгтер:

заң Қасым-Жомарт Тоқаев