Көлік өзенге құлап, бір отбасының екі баласы суға ағып кетті

Бүгін, 12:44 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Қырғызстанда өзенге құлаған көлік ішінде болған 6 жастағы бала әлі табылмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қырғызстанның Кегеті шатқалында болған қайғылы жол апатынан кейін жоғалған алты жасар баланы іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару операциясына қазақстандық мамандар да қосылған. 

Оқиға 23 маусым күні болған. Видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, екі баласы бар отбасы отырған жеңіл көліктің қозғалыс кезінде тежегіші істен шығып, автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен.

Ата-анасы көліктен өз күштерімен шығып үлгергенімен, балаларды өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Кейін құтқарушылар 12 жастағы қыздың мәйітін тауып, туыстарына тапсырды.

Ал алты жасар ұл баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар өзен бойын жіті тексеріп, іздеу операциясына қосымша күштер мен техниканы жұмылдырған.

Тэгтер:

бала қырғыз көлік апат