8 күн бұрын ғана алтын алған танымал дзюдошы қайтыс болды

Бүгін, 15:22 / Альфия Адамбек
Фото: Oxu.az

Әзербайжанда алтын медаль жеңіп алған жас дзюдошы сегіз күннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Oxu.az мәліметінше, Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасында жас дзюдошы Вели Әлиев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Нахчыван Автономиялық Республикасының Жастар және спорт министрлігі растады.  

Әзірге спортшының нақты неден көз жұмғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Құзырлы органдар өлімнің себебін нақтыламады.  

Вели Әлиев бұған дейін, 18 маусым күні Нахчыван автономиялық республикасының жасөспірімдер арасындағы дзюдодан біріншілігінде жеңіске жетіп, алтын медаль иеленген болатын. 

Жас спортшының мезгілсіз қазасы Әзербайжанның спорт қауымдастығы мен жанкүйерлері арасында үлкен өкініш туғызды.

Тэгтер:

мемлекет спорт Әзербайжан марқұм