Жұмыссыз жүргендерге 125 мың теңге төленеді – шарты қандай

Бүгін, 15:24 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған тегін кәсіби оқыту бағдарламасы туралы жағымды жаңалық жариялады, деп хабарлайды . Arasha.kz .Tizgin.kz сілтеме жасап 

ШӘКІРТАҚЫ ДА АЛУҒА БОЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ведомство жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Оқу мерзімі алты айға дейін созылады.

Бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шарасы қарастырылған. Атап айтқанда:

ай сайынғы шәкіртақы – 43 574 теңге;

жол жүру шығындарын өтеу – 17 300 теңге;

тұрғын үй жалдау шығындарына өтемақы – 64 875 теңгеге дейін;

міндетті медициналық тексеруден өту шығындарын төлеу.

Осылайша, бағдарламаға қатысқан жұмыссыз қазақстандықтар жалпы сомасы 125 749 теңгеге дейін қаржылай қолдауға ие бола алады.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Сонымен қатар, кәсіптік оқыту жұмыс берушінің кәсіпорнында тікелей жұмыс орнында өтуі мүмкін. Бұл жағдайда қатысушыға айына 86 500 теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

«Сондай-ақ азаматтар өз біліктілігін Skills.enbek.kz онлайн платформасы арқылы да арттыра алады. Жыл басталғалы бұл мүмкіндікті 37 мыңнан астам жұмыссыз азамат пайдаланған», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Тэгтер:

жұмыс еңбек