ӘЧ-2026: 1/16 финалдың алғашқы 9 кездесуі анықталды

Бүгін, 15:28 / Arasha.kz
Фото: thenews2.com/depositphotos.com

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі қыза түсті. 27 маусымда өткен кезекті ойындардан кейін плей-офф кезеңінің тағы бір жұбы анықталып, қазіргі таңда 1/16 финалдың тоғыз кездесуі белгілі болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Arasha.kz, tengrisport.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта турнирдің плей-офф кезеңіне 32 команданың 28-і жолдама алып үлгерді. Алайда олардың барлығы қарсыластарын әлі толық анықтаған жоқ. Қалған төрт жолдаманың иелері топтық кезеңнің соңғы матчтарынан кейін белгілі болады.

Қазірге дейін анықталған 1/16 финал жұптары:

Оңтүстік Африка Республикасы – Канада;

Бразилия – Жапония;

Германия – Парагвай;

Нидерланд – Марокко;

Кот-д'Ивуар – Норвегия;

Франция – Швеция;

АҚШ – Босния және Герцеговина;

Аустралия – Мысыр;

Аргентина – Кабо-Верде.

Ал Мексика, Бельгия, Испания, Колумбия, Швейцария, Эквадор, Сенегал, Португалия, Англия және Гана құрамалары өз қарсыластарын әлі күтіп отыр. Олар топтық кезеңнің соңғы турынан кейін анықталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды турнир ретінде өтіп жатыр. Биыл алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысып, плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады. Бұл өзгеріс турнирдің тартысын арттырып, жанкүйерлерге бұрынғыдан да көп қызықты матчтар сыйламақ.

Алғашқы плей-офф ойындары 28–29 маусымға қараған түні басталады. Ал әлем чемпионы анықталатын финалдық кездесу 19–20 шілдеге қараған түні өтеді.

Тэгтер:

футбол әлем чемпионаты плэй-офф 2026ж