Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде күйеуін қорғап, көпшілікке үндеу жасады деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жары Жанна Жанықұлованың видеоүндеуінен кейін басталған. Ол 20 жыл бірге тұрған жолдасы басқа әйелге кетіп қалғанын, өзі бес баламен қалғанын және қазір ортақ мүлікке қатысты сот процесі жүріп жатқанын мәлімдеген.
Бұл мәлімдемеден кейін қоғамда қызу талқылау басталып, көп ұзамай кәсіпкердің өзі де жағдайға қатысты пікір білдіріп, барлық мәселе заң аясында қаралып жатқанын айтқан.
Алайда желідегі сын мұнымен тоқтамай, жұртшылықтың бір бөлігі кәсіпкердің қазіргі жары Динара Сәтжаннан да жауап талап ете бастаған.
Осыдан кейін тележүргізуші Instagram stories арқылы алғаш рет үн қатып, өз ұстанымын ашық жариялады.
«Қорытынды шығармас бұрын екінші тарапты да тыңдау керек. Оның да өз шындығы бар. Басқаның баласына қамқор болып, балаларға жатақхана салып берген адам өз баласына қарамай қояды деп қалай ойлайсыздар? Білмейтін дүниеге төрелік айтпаңыздар. Сыни ойлауды қосыңыздар», — деп жазды Динара Сәтжан.
Алайда бұл мәлімдеме көпшіліктің күмәнін толық сейілте қойған жоқ. Керісінше, әлеуметтік желіде пікірталас одан әрі күшейіп, қолданушылар екіге бөлінді.
Қазір аталған жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.