15 жас кіші қызға сөз салған Жігер Ауыпбаевтың таңдауы жұртқа ұнамады

Бүгін, 18:41 / Arasha.kz
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық әнші Жігер Ауыпбаев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды Arasha.kzSN.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Өнер иесі Instagram парақшасында өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне сөз салғанын айтып, көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті.

«Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым… Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады. Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді… Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол - “Иә” деді», - деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушыларының бәрі бірдей бұл жаңалықты жылы қабылдамаған.

Пікір қалдырған кейбір оқырмандар әншінің өзінен әлдеқайда кіші қызды таңдағанын сынға алып, жұптың сырт келбетіне қатысты да түрлі пікірлер жазған.

Желіде: «Тұқымың майдаланатын болды», «Өзің ұзын бойлы жігітсің, басқа бойы ұзын қыз табылмады ма?» деген пікірлер тараған.

Бұл сөздерге Жігер Ауыпбаевтың өзі жауап беріп, сын айтқандарға қарсы пікір білдірді.

«Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес. Мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», - деп жауап жазды ол.

Қазір әншінің жеке өміріне қатысты бұл жаңалық әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Тэгтер:

# Жігер Ауыпбаев #Шоу бизнес #Үйленуге ұсыныс #15 жас