28 маусым күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда бүгін өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,9 метр болады.
Астанада күн ала бұлтты болады деп болжанып отыр. Елордада күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,4 м/с.
Ал Шымкентте өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, түнде 25 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 9,1 метрге жетеді.