Венесуэладағы жер сілкінісінен құрбандар саны 1430 адамға жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
24 маусым күні Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінің салдарынан кемінде 1430 адам қаза тапты.
Билік мәліметінше, 3360 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Ал БҰҰ-ның бағалауынша, 50 мыңнан астам адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Хорхе Родригес бұл жер сілкіністерін «Венесуэланың соңғы 123 жылдағы ең ауыр апаты» деп атады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3142 отбасы уақытша баспаналарға орналастырылған.
Сондай-ақ ол сәрсенбі күнгі екі негізгі жер сілкінісінен кейін 430 афтершок тіркелгенін хабарлады.