Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан леуметтік желіде өзіне ауыр сөздер айтқан Бағдагүл есімді емшіге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz, Arysinfo-ға сілтеме жасап.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Бағдагүл есімді емші видео жариялап, тележүргізушіге қатысты өткір сын айтып, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
Өз кезегінде Динара Сәтжан аталған жағдайға қатысты Instagram парақшасында қысқа ғана жауап жариялап, «Сотта кездесеміз!» деп жазды.
Желіде тараған бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, оқырмандар арасында түрлі пікір қалыптастырды. Кейбір қолданушылар тележүргізушіні қолдаса, енді бірі даудың қалай аяқталатынын күтіп отыр.