Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үш күнге жуық уақыт өткен соң қиранды астынан 11 жастағы бала аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Колумбия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Моисес есімді бала үйінді астында шамамен 70 сағат жатқан. Оны Венесуэладағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан колумбиялық USAR COL-1 құтқару тобы тапқан.
Ведомство бұл оқиғаны "ғажайыпқа" теңеп, баланың аман табылуы құтқарушыларға үміт сыйлағанын мәлімдеді.
"Бұл – ғажайып! Моисес аман-есен табылды. Колумбиядан келген USAR COL-1 тобының қирандылар астындағы 70 сағаттық жұмысының арқасында 11 жастағы Моисес құтқарылды. Бұл бізге үміт беріп, аман қалғандарды іздеуге деген сенімімізді күшейтеді", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, 24 маусымда Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Әлеуметтік желілерде көптеген ғимараттың қирағаны туралы ақпарат тарап, оқиға орнынан видеолар жарияланды.
Кейін елде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары басталды.